30 градус ыстық болады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5, 6 қазанда солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа көтерілсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде температура нөлден де төмендейді», делінген хабарламада.

Ал республиканың оңтүстігі мен орталығында 5-7 қазанда жаңбыр жауады, 6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық ағын мен жаңбырлы бұлт таралады, сондықтан жел күшейіп, жауын жауып, күн салқындайды. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды