3 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. «2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді.

Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды», - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін