2 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған ба?

Кәсіпкерлікті ашуға берілген 2 миллиард теңгеден астам қаржы мақсатсыз жұмсалған. Бұл туралы «Даму» қоры басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қаражатты басқа мақсатта пайдаланған 20 тұлға анықталған. Экономика саласы бойынша берген өтінімнен тыс бизнес бастамақ болған 15 қарыз алушы анықталды. «Сол секілді жұмыс орындарын ашып, салық төлеу жағынан міндеттемелерін орындай алмағандар кездесті», – деді Фархат Сәрсекеев.

Жалпы, 2019 жылы қор 23 мыңға жуық кәсіпкерге қолдау танытқан. Ал, берілген несиенің жалпы көлемі 600 миллиард теңгеден асады. Фархат Сәрсекеев, «Даму» қоры АҚ басқарма төрайымының орынбасары: «Мәселен, балабақша не мектеп салам деп қаржыны алады да, кейін ойынан айнып қалатындар бар. Айталық, ол жерге мейрамхана салу тиімді екеніне көзі жетеді. Бірақ соңғы шешімі мемлекеттік қолдаудың басым бағытына жатпайды. Бұндай жағдайда қаржыны бермейміз. Өйткені ол мақсатсыз жұмсалғалы отыр.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды