2 градусқа дейін үсік жүреді

Қазақстанға 2 градусқа дейін үсік келеді, - деп хабарлайды 'Қазгидромет' РМК орталығы.

Алматы, NEGE. Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланыты ескерту  жарияланды.

Нұр-Сұлтанда 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. 

Дәл осындай температура 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында болады.

"2-3 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді.

2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп болжанды.

2 қыркүйекке қараған түні Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

2-3 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде",-деп толықтырды синоптиктер.