29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – елде Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді. Осыған орай Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында көңілашар бағдарламалар тоқтайды. Ойын-сауық шаралары өткізілмейді.

Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери қоймада әуелі өрт шығып, көп ұзамай бірнеше жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, жүзге жуық тұрғын жарақат алған. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 10-рет жарияланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді