29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні

Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні.

Алматы, NEGE. Бұл атаулы күн 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен бекітілген. Өйткені өзге дерттерге қарағанда дәл осы жүрек-қантамыр аурулары қауіпті. Кей науқастарға тек трансплантация көмектеседі. Қазір елде 100-ден астам адам донорлық жүрекке мұқтаж және олардың қатары көбейіп те келеді.

2012 Жылдың 8 тамызында Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясы жасалды. Бірегей операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өтті. Отандық медицина жаңа өмірге мүмкіндік береді деп сол кездегі науқастардың өзі ойламаған

Осы айда орталықта биылғы жылғы алғашқы жүрек трансплантациясы жүргізілді. 27 жастағы науқас донорды бес жыл күткен. Ал осы аралықта жағдайы нашарлап кетпеу үшін дәрігерлер оған сол жақ қарыншаны қолдау құрылғысын имплантациялаған. Жасанды құрылғы жүрек ақауы бар науқастардың өімірін бірнеше жылға ұзартады. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жылына 40-қа жуық осындай операция жасалады.

Қазір оқып жатыр

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады