Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

29 желтоқсанда еліміздің 14 өңірі мен Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -5-7 °C, түнде -7-9°C болады.

Алматыда күн алабұлтты, ауа температурасы күндіз 3 5°C, түнде -4-6°C болады деп күтілуде.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз 9 11°C, түнде -2-4°C болады.