"28 пайызы вакцинаға қарсы". Қазақстандықтар вирус бойынша сауалнамаға қатысты
Qalaisyn.kz онлайн-сауалнама панелі коронавирус жағдайы бойынша қазақстандықтар арасында өткен сауалнама нәтижесін жариялады.
Сауалнама 13-20 шілде арасында өткен. Оған 1283 адам қатысқан. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сауалнамаға қатысқандардың 16 пайызы ғана COVID-19-ға қарсы вакцинаға оң көзбен қарайды, ал 28 пайызы одан бас тартпақ. Қатысушылардың 41 пайызы таныстарының коронавирус жұқтырғанын естімегенін айтқан. Сондай-ақ, 62 пайызы коронавирус туралы ақпараттарды Интернет пен әлеуметтік желілерден оқитынын мәлімдеген.