28,4 млн теңгені белгісіз шоттарға аударған киберқылмыскерлер ұсталды

Киберқылмыскерлер 28,4 млн теңгені белгісіз шоттарға аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды.

Тергеу кезінде Д. есімді азаматтың депозиттік есепшотынан 28,4 млн теңге белгісіз адамдардың есепшоттарына заңсыз аударылғаны анықталды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласында үш адам ұсталды. Олардың екеуі – Ақтау қаласының, біреуі – Қарағанды облысының тұрғыны.

Тергеу нәтижесінде күдіктілердің есепшотына жәбірленушінің ақшасы түскені белгілі болды. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген Ақтау қаласының тұрғыны жасырынып жүрген жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды