28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

28 наурыз күні барлық өңірде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді.

Gov.kz

Астана, NEGE. Жетекші онколог-дәрігерлер қазақстандықтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз тегін қабылдайды.

Ашық есік күні Қазақстанның барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталықтарында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онколог-дәрігерлерден жолдамасыз және алдын ала жазылусыз кеңес алуға болады.

Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау. Бұл кезеңде емдеу тиімді болып саналады әрі адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Онкологиялық орталыққа жеке куәлік және бұрынғы тексеру нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар), бар болса, ала бару қажет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады