26 июля 2022 г. 17:45

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото:

Синоптиктер еліміз бойынша 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі", - дейді «Қазгидромет» РМК.

Республикада жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Тегтер: