27: Сәйкестік пе, әлде?..

Осыдан жеті жыл бұрын, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент маңында ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері мінген Ан-72 ұшағы апатқа ұшырап, 20 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі қаза болды. Барлығы – 27 адам. Апаттан опат болғандардың арасында Шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков те бар еді.

Алматы, NEGE. Сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 27 желтоқсанын қаралы күн деп жариялаған.

Әскери-транспорттық Ан-72 1990 жылы шығарылған. 2012 жылы «Антонов» атындағы авиазауытта жөндеуден өткен. Осыдан кейін ұшақ әуеде бар-жоғы 40 сағат ұшқан. Бұл оқиғаның кейбір тұстары әлі де жұмбақ.

2019 жылдың 27 желтоқсаны. Алматыдан Нұр-Сұлтанға қатынайтын ұшақ құлады. 14 адам опат болды, бірнеше адам ауыр халде. 28 желтоқсан – қаралы күн.

Жеті жыл бұрынғы оқиғадағы сандардың қайталануы таңдандырды: жеті жыл бұрын – 27 адам.., 27 – желтоқсан қаралы күн. Биыл да – 27 желтоқсан...

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы