27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективаларын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді.

Еске салсақ, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға 2024 жылғы 27 қарашада мемлекеттік сапармен келген болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді