26 қазаннан әуе рейстері қысқарады

Қазақстан 26 қазаннан бірқатар шет мемлекетке авиарейстерді қысқартады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Алматы, NEGE. «Сондай-ақ әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. 26 қазаннан бастап мына елдерге әуе рейстерінің саны қысқартылады: Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркия. Қазақстан Республикасына келетін азаматтардың міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Егер анықтамасы болмаса, қазақстандықтар екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Шетелдік азаматтар еліне қайтадан департацияланады», – деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 12 өңірдің – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының , СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

«ПТР-тест тапсырғандар қатарының көбеюіне байланысты COVID-19-ға шалдыққандар саны артуда. Қазіргі уақытта зертханалар тәулігіне 55 мыңға жуық тест жасай алады. Елімізде 13 355 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 16 пайызында бүгінде науқастар жатыр – 2 мыңнан астам. Сондай-ақ 6 841 карантиндік төсек-орын дайындап қойдық. Оның 8 пайызында ғана пациенттер бар, 600-ге жуық адам. Қосымша 3 335 керует жаңа инфекциялық ауруханаларда іске қосылады», – деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді