25 келіден астам есірткі тәркілеген екі адам ұсталды

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері 25 келіден аса есірткі затын тасымалдаған екі азаматты ұстады.

Алматц, NEGE. "Қарасора" іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Арал ауданы тұсында Самара - Шымкент тас жолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 25,2 кг астам "кептірілген марихуана" екендігі нақтыланды.

Автокөлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер УҰИ қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр