-25 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромедтің» хабарлауынша, 8 наурыз бен 10 наурыз аралығында Қазақстанның кейбір аймақтарында -25 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Алматы, NEGE. Қазақстанның солтүстік аймақтарында түнде -25 градус аяз болса, керісінше, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы көтеріледі.
Синоптиктер бұған «антициклонның әсері болады» деп болжап отыр. Антициклонға сәйкес, солтүстікте -15... -25 градус аяз болса, еліміздің оңтүстігінде 10... 20 градусқа дейін жылынуы мүмкін.