25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы көліктер де, адамдар да өте алмайды. Бұл күні Қытайда «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты өткізу бекеті уақытша жабылады.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Дегенмен бұл шектеу теміржол тасымалына қолданылмайды. 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

Комитет өкілдері тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарға шекарадағы шектеулерді ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлауды еңес етеді.