25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Астана, NEGE. Бұл шешім Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қабылданды.
24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.