24 маусымнан бастап Шымкентте карантиндік шаралар күшейтіледі
Базарлар, қоғамдық көліктер мен тамақтану орындары демалыс күндері жұмыс істемейді.
Алматы, NEGE. Elitar.kz хабарлауынша, мына нысандардың қызметі уақытша тоқтатылады:
- балабақшалар;
- барлық спорттық нысандар (фитнес-орталықтар, спорт залдар, бассейндер);
- көпшілік жиналатын орындар, соның ішінде: саябақтар, алаңдар, аллеялар;
- қызмет көрсету саласының ұйымдары (көлік жуу, доңғалақтарды ауыстыру, майды ауыстыру орталықтары, қызмет көрсету станциялары, сұлулық салондары, шаштараздар, , кір жуу, кілем тазарту, жабдықтарды, киімдерді, аяқ киімдерді жөндеу орталықтары және т.б.), монша кешендері (сауналар, SPA салондары) ванналар және т.б.).
Жұмыс күндері базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар) сағат 6: 00-ден 16: 00-ге дейін, көтерме сауда базарлары сағат 5: 00-ден 13: 00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар мынандай шектеулер қолданылады:
- барлық сауда объектілері сағат 10-дан 18-ге дейін;
- барлық тамақтану орындары 09.00-ден 21.00-ге дейін;
- Жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі: 08.00-ден 12.00-ге дейін;
- қоғамдық көліктер арасында залалсыздандыра отырылып, сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін, кешке 17.00-ден 20.00-ге дейін жүреді.