24 ақпаннан бері Украина инфрақұрылымының 30%-ы жойылған

Ресейдің толық ауқымды шабуылының салдарынан Украина инфрақұрылымының 20%-30%-ы жойылды. Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Қақтығыс басталғалы жолдар, көпірлер, порттар, темір жолдар мен әуежайлар қирап қалды.

Министрдің айтуынша, шабуылдан әсіресе Мариуполь, Харьков, Чернигов, Северодонецк және Лисичанск қалалары зардап шеккен.

Осы күнге дейін 320 мың украиналық үйсіз қалды. 25 мамырдағы жағдай бойынша, қирап қалған тұрғын үйлер және ғимараттардың жалпы сомасы 105,5 миллиард доллар болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Ресейдің президенті Владимир Путин украин ұлтының идеясын жою үшін Украинаны физикалық түрде жойғысы келетінін айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр