24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 835 кәсіпорында 25 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,6 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,5 млрд теңге төленді. Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізді. 3,7 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 124,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты