23 ақпан күні Алматыда кей көшелер жабылады

23 ақпан күні әл-Фараби даңғылы бойымен дәстүрлі Қысқы жүгіру марафоны өтеді. Осыған байланысты ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына іс-шара кезінде 08:00-ден 11:30-ға дейін әл-Фараби даңғылындағы көлік жүрісінің шектелуі туралы хабарлайды.

Алматы, NEGE. 06:00-ден 08:00-ге дейін әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Желтоксан көшесіне дейін батыс бағытта қозғалыс жабылады. 08:00-ге дейін туннель арқылы Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін өтуге мүмкіндік бар.

Әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай жүру (төменгі жағы) Назарбаев даңғылынан Гагарин даңғылына дейін 08:00-ден 11:30-ға дейін толығымен жабық болады. Көлік құралдарының қозғалысы үшін әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі ашық.

Жүгірушілер трассадан өтіп бара жатқанда жол ашылады.

«Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанындағы старт-қалашыққа Қозыбаев көшесімен немесе Желтоқсан көшесі арқылы жетуге болады. Сондай-ақ, әл-Фараби даңғылы бойымен қатынайтын автобустарға мінген жөн.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан 23 ақпан күні әл-Фараби даңғылы арқылы өтетін маршрутына алдын-ала жоспар құрып, түсіністікпен қабылдауын сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді