23 жасымда мен де қызымнан айырылдым – Бишімбаев соттағы жарыссөзде істеген ісіне өкініш білдірді

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот барысы аяқталуға жақын.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бүгінгі соттағы жарыссөзде сотталушы Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы жақсы көргенін, оны өлтіруді жоспарламағанын мәлімдеді.

Ол жасаған ісіне қатты өкінетінін атап өтті.

«Мен күн сайын Алладан кешірім сұраймын», - деді Бишімбаев.

Сотталушы жас кезінде екі жасар қызынан айырылғанын, сондықтан Салтанат Нүкенованың ата-анасын түсінетінін айтты.

«Мен Салтанаттың ата-анасынан, бауырынан кешірім сұраймын. Оларды жақсы түсінемін. Мен де бір кездері қызымнан айырылғанмын. Ол кезде өте жас болдым. Менің 23 жасымда 2 жасар қызым ауырып, шетінеп кетті. Оның қандай екенін білемін. Мен ешқашан ешкімге қасақана өлім тілемеймін», – деді Бишімбаев.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді