15 августа 2023 г. 15:47
220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.
Алматы, NEGE. «Өткен жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген, қылмыстық іздеуде болмаған және кедендік ресімдеуден өткен автокөліктер заңдастырылды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге заңсыз әкелінген көлік құралдарын заңдастыру биыл 23 қаңтар - 1 шілде аралығында жүргізілді.
Ал өтінімді уақытылы берген және белгіленген мерзімде автомобильдерді заңдастырып үлгермеген азаматтарға оларды заңдастыру құқығы осы жылдың 1 шілдесінен кейін беріледі.