21 250 теңге: Қанша адам көмек алды?
2 млн 198,7 мың қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды.
Алматы, NEGE. Оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
6 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 467 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
Төлемді 2 млн 198,7 мың қазақстандық алды, оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.