5 сентября 2023 г. 14:19

Омар Жәлел 20 жастан асқан әйел адамдарды «кәрі қыз» деп атады

Фото:

Белгілі Филолог, абайтанушы Омар Жәлел 20 жастан асқан қыздарға қатысты пікір білдірді. Ол бұл пікірін  Адал адам бағдарламасында айтты. 

Алматы, NEGE.  «Жаспын, өмірім алда» деп айтатын 35 жастағы әйелдер көп. Олар иллюзияда жүр. Негізі өмір құмсағат сияқты өтіп жатыр, олар күн сайын қартайып жатыр. Қазақ айтады: «20-ға келген қыз кәрі болады, өңі кетіп, шырайы сары болады. Ер елуге келсе де, айып жоқ, әрқашан біреудің жары болады» дейді. Объективті шындықта ол – кәрі қыз. Ол кәрі қыз екенін түсінген кезде ғана ақыл кіре бастайды, шешім қабылдайды. Ол көзде көк етікті кездеспейді. Тек көне етіктіге ғана тиеді. Шал ақын: «20-ға келген қыз кәрі болады» дейді. Жақында Салтанат Байқошқарованы тыңдадым. Сонда репродукциологтың айтуынша, қыз баланың тұрмысқа шығатын ең қуатты шағы – 18-20 жас аралығы. Қыз бала жас кезінде тұрмысқа шығуы керек. Ал олар үй салып алайын, мансап жасап алайын деп жүргенде, мүмкіндіктен айырылып қалады», – дейді Омар Жәлел.

Тегтер: