20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды

Бүгін, 20 тамызда 'АрселорМиттал Теміртау'-да қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы 'АрселорМиттал Теміртау' бас директорының көңіл айту хатында айтылған.

Алматы, NEGE. "Терең күйзеліспен "АрселорМиттал Теміртау" ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы. Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі", – деді Владимир Яблонский.