20 июля 2022 г. 8:51

20 шілдеде телеарна мен радио жұмысын уақытша тоқтатады

Фото:

20 шілдеде Қазақстанның телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, делінген ҚР АҚДМ хабарламасында.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді тоқтатылады, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. 

- Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады, - деді "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

Тегтер: