20 наурыздан бастап карантин талаптары күшейтіледі

Қарағандыда қосымша шектеу шаралары облыс орталығында, Теміртау, Шахтинскіде, Приозерск, Абай және Ақтоғай ауданында енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Аталған аймақтарда коронавирус жұқтыру дерегі орташа көрсеткіштен асып кеткен. Сондықтан кинотеатрлар, музей, концерт залдары мен цирктердің жұмысы тоқтатылды.

Жаңа ережеге сай, демалыс күндері ірі сауда, ойын-сауық орталықтары жабық болады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде облысішілік автобустардың 6 бағыты тоқтатылады. Еске сала кетейік, Қарағанды облысы індеттің таралу қаупі бойынша «сары аймақта». Кейінгі апталарда кеселге шалдыққандардың қатары 33 процентке өскен. Бүгінде стационарларда 600-дей науқас ем алып жатыр. Кей аудандардағы ауруханаларда төсек орындардың толу деңгейі 40 проценттен асады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті