20 мың теңгеге бекеттен өткізген

Ақмола облысында ветеринариялық препараттардың жеткізушісі адамдарды блокбекеттен заңсыз тасымалдаған. "Такси" қызметі үшін жолаушылар ер адамға 20 мың теңгеден төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Тәртіп бұзушы 12 сәуірде Степногорск-Ақкөл тас жолындағы блокбекетте ұсталды. Полицейлер Mersedes Benz-300E көлігін тоқтатып, деректер қоры бойынша тексергеннен кейін, жүргізушіге "Өнеркәсіптік биосинтез ҒЗИ" ЖШС өтінімі мақұлданғаны және облыс орталығына, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарына кіру және шығу үшін рұқсат берілгені анықталды.

"Өтінімде жүргізушінің ветеринарлық препараттарды жеткізумен айналысатыны көрсетілген. Алайда тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісі тапсырыстарды ұялы қосымша арқылы қабылдап, карантин және төтенше жағдай режимі кезінде адамдарды блокбекет арқылы заңсыз өткізіп жүргенін анықтады. Ер адам  барлығы төрт адамды тасымалдап үлгерген. Орташа алғанда әрбір рейске жүргізуші 20 мың теңге алған", - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабы 1-тармағы "Төтенше жағдай режимін бұзу" және ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметпен айналысу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ