20 қыркүйекте карантин күшейтіледі ме?
Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіндігіне қатысты қауесетке орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деді Бас санитар дәрігер. Оның айтуынша, бүкіл елімізден қатар әрбір өңірдегі, елді мекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргіліп отырады. «Қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деп нақтылады Айжан Есмағамбетова. Айта кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханада маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келген болатын.