20 елге жиырма миллион доза вакцина жеткізілді

COVAX жобасы шеңберінде 20 елге 20 миллион доза вакцина жеткізілді.

Алматы, NEGE. Келесі аптада тағы 31 мемлкетке 14 миллион доза жетуі тиіс. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті. Бірақ халықаралық сарапшылар бұл кірісі орта және төмен елдердегі халықтың 3 процентін ғана вакциналауға жететінін айтады. Сондықтан ұйым әлем елдерінен вакцина шығаруды ұлғайтып, оны таратуға қатысты кез келген кедергіні алып тастауға шақырды.

 ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус: "Қазір біз вакцина шығаруды ұлғайту мен оның жылдамдығын арттыру мәселесінде біраз кедергілерге тап болдық. Әсіресе экспортқа шектеу және шикізат тапшылығы өзекті болып тұр. Мәселені шешу үшін вакцина шығарушы компаниялар мен өзге бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты арттыру қажет" деді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті