202 миллион долларды ұтқан кім?

Нью-Джерси штатының Эдисон

қаласындағы Quick Stop азық-түлік дүкені сейсенбі күні сатқан лотерея билеті ірі ұтыс ұтты.

Алматы, NEGE. Сәрсенбі күні Mega Millions лотерея ойынына жауапты ресми адамдар Нью-Джерси лотереясының бақытты ойыншысы 202 миллион долларлық джекпотты ұтып алғанын хабарлады.

Нью-Джерси лотереясының атқарушы директоры Джеймс Кэридің айтуынша, Mega Millions ойнатқан джекпот 2020 жылы алғаш рет 142 миллион долларға бағаланаған. Баспасөз мәслихатынан кейін Кэри Quick Stop азық-түлік дүкенінің иесіне 30 000 доллар бонустық чекті табыс етті.

Нью-Джерси штатының губернаторы Фил Мерфи қаңтар айында лотерея жеңімпаздарына аты-жөнін жарияламауға мүмкіндік беретін жаңа заңға қол қойған, сол себепті бұл ұтыстың иегеріне де өзін жария етпеуіне толықтай мүмкіндігі бар. Штат билігі мен лотерея ойнатушылар белгісіз миллионерді өзінің қаржы агенттерімен, отбасымен және адвокатымен ақылдасқаннан кейін, келіп ақшасын алуына кеңес беріп отыр.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды