2028 жылға дейін 55 мыңнан астам студент жатақханамен қамтылады

Кешенді жоспарға енген жобалар құнының 30 пайызын мемлекет қаржыландырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Алматы, NEGE.  Алдағы бес жылда жатақханалардағы орын саны 55,5 мыңға артады. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Жоспарда жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және білім беру салалары бойынша 43 нысан қамтылған. Мұның ішінде жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделіп отыр. Спорт саласында жаңа 8 спорт залын іске қосу жоспарланған. Барлық бағыттар бойынша жаңа нысандардың жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.

«Кешенді жоспарға сәйкес, 8 мыңға жуық орынға арналған 9 студенттік жатақхана салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында жаңа жатақханалар ашылмақ», - дейді премьер-министрдің баспасөз хатшысы Динара Әлімова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді