2027 жылдың соңына дейін қазақстандықтардың 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады

«Қазақтелеком» АҚ елімізге 7000-нан астам 5G станциясын орнатады.

Алматы, NEGE. Компания басшысы Қуанышбек Есекеев өткен жылдың желтоқсан айында «МТ-S» ЖШС және «Kcell» АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткендігін айтты.

Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі.