9 октября 2024 г. 10:42

2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Кездесудің нәтижесінде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдер жасалды.

«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін», - деп жазды Ербол Мырзабосынов.