13 января 2026 г. 12:23

2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді: Ораза қай күні басталады?

Фото: freepik.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Астана, NEGE. Діни басқарманың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, биыл Қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады, ал Қадір түні 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Ораза айт 20 наурызға белгіленсе, Құрбан айт 21 мамыр күні басталады.

Биыл Мәуліт кеші 25 тамызға қараған түнге белгіленген.

Бұл ретте хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатыны атап өтілген.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.