Қазақстанның 2025 жылғы футбол чемпионатының күнтізбесі жарияланды

2025 жылғы футбол чемпионаты 1-ші наурызда басталады.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Биыл ел біріншілігінде 14 команда бақ сынайды. Олардың қатарында:

«Қайрат» (Алматы)
«Астана»
«Ақтөбе»
«Ордабасы» (Шымкент)
«Тобыл» (Қостанай)
«Елімай» (Семей)
«Атырау»
«Қайсар» (Қызылорда)
«Қызылжар» (Петропавл)
«Жеңіс» (Астана)
«Жетісу» (Талдықорған)
«Оқжетпес» (Көкшетау)
«Ұлытау» (Жезқазған)
Алғашқы тур ойындары 1-2 наурыз күндері өтеді. Бұл кезеңде келесі жұптар өзара кездеседі:

«Қызылжар» – «Жетісу»
«Астана» – «Қайрат»
«Ордабасы» – «Ақтөбе»
«Тұран» – «Оқжетпес»
«Атырау» – «Елімай»
«Қайсар» – «Жеңіс»
«Тобыл» – «Ұлытау»
Чемпионаттың соңғы туры 26 қазанда өтеді.

Маусымның ресми ашылуы Қазақстан суперкубогы аясында өтеді. Онда «Ақтөбе» мен «Қайрат» «Астана-Арена» стадионында кездеседі.

Өткен маусымда «Қайрат» чемпион атанса, «Астана» күміс жүлдегер, «Ордабасы» үшінші орын иегері болды. Қазақстан кубогын «Ақтөбе» жеңіп алды.

Айта кетейік, 17 ақпанда Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореямен жолдастық матч өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр