2025 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық кітапша электрондық нысанда беріледі

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Жеке медициналық кітапша – жеке кәсіпкерлердің жұмысы барысында қоғамдық тамақтандыру, білім беру, денсаулық сақтау, т.б. қызметкерлерге қойылатын талап. Оны өту үшін қызметкерлер медициналық ұйымға барып, зерттеулерден өтеді. Ал азамат 2-3 жерде жұмыс істесе, ол 2-3 кітапша рәсімдейді. Бұл ақылы қызмет. Осыны ескере отырып, бұл мәселені жою үшін оны цифрлық форматқа ауыстырдық. Заң бойынша техникалық дайындығымыз бар. 1 қаңтардан бастап жеке медициналық кітап цифрлық форматқа ауысады», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Оның мәліметінше, жыл сайын 1,6 млн жуық азамат кітапшаны рәсімдеп отырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?