5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

kolesa.kz

Алматы, NEGE. Оларды пайдалану үшін: – полицияда тіркелу;

– А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі; техникалық тексеру;

– азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:

– жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);

— мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.

– Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан