2025 жылдан бастап кейбір медициналық анықтамалар онлайн беріледі

Қаңтар айынан бастап азаматтардың емханаға барып, кезекке тұрмауы үшін және медициналық анықтамалардың заңсыз алмауы үшін 8 құжат енді тек электронды түрде беріледі.

steppenews.kz

Алматы, NEGE. Төменде кқрсетілген медициналық анықтамалар электронды форматқа көшіріледі:

– Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

– 075 / е «Медициналық анықтама»

– 026 / е «ДКК қорытындысы»

– 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»

– 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»

– 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»

– 076 / е «Қаруға рұқсат алу»

– 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама»

Ведомство eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға өзінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске қосылғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды