12 ноября 2023 г. 15:29

2024 жылы Қазақстанда қандай төлемдер мен жәрдемақылар өседі?

Фото:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдердің түрлері және оларды өсіру жоспары туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өседі.

Еңбек министрлігі мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің осы түрлерін санамалап берді. Атап айтқанда, бұлар:

 - мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
 - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

- №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
- жерлеуге арналған біржолғы төлем;
 - бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  - бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
 -  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;
 - арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
 - бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
 - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедекті күтетін адамға мемлекеттік жәрдемақы.

Тегтер: