2024 жылы Қытайдан елімізге 655 мың турист келген

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.

«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр