2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының кестесін жариялады.

Алматы, NEGE. 2023 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-26 наурыз аралығында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.

- 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады.

- 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді.

Елорда уақытымен 14:30-да күндізгі, 18.30-да кешкі сессия басталады.

Әлем чемпионатының жартылай финалы 23 наурызға белгіленген. 

25-26 наурызда чемпиондар анықталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды