29 марта 2022 г. 9:37
2023 жылға қарай дәрігерлердің айлығы 550 мың теңгеден асады
Бұл Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары.
Алматы, NEGE. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният студентермен кездесуде осылай деді. Бүгінгі таңда 8 жоғары оқу орнында 60-тан астам медициналық мамандық бойынша білім беріледі. Медициналық жоғары оқу орындарынан жыл сайын 9 мыңнан астам маман түлеп ұшады. 2021 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі грант құнын өсірді. Мақсат – медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту.