22 декабря 2023 г. 13:22

2023 жылдың ең табысты спортшы қыздары белгілі болды

Фото:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең көп жалақы алатын спортшылары тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Рыбакина 9,5 миллион доллар табысымен рейтингте 9-орында тұр.

Forbes нұсқасы бойынша ең көп жалақы алатын топ-10 спортшы:

1. Ига Швентек — 23,9 миллион доллар
2. Гу Айлин — 22,1 миллион доллар
3. Коко Гауфф — 21,7 миллион доллар
4. Эмма Радукану — 15,2 миллион доллар
5. Наоми Осака — 15 миллион доллар
6. Арина Соболенко — 14,7 миллион доллар
7. Джессика Пегула — 12,5 миллион доллар
8. Винус Уильямс — 12,2 миллион доллар
9. Елена Рыбакина — 9,5 миллион доллар
10. Лейла Фернандес — 8,8 миллион доллар

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елена Рыбакина Әбу-Дабиде(БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасы (WTL) көрме турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Рыбакина Falcons сапында Сорана Кырстя (Румыния), Сумит Нагал (Үндістан) және Тейлор Фритцпен (АҚШ) бірге өнер көрсетіп жатыр.

Тегтер: