1 ноября 2022 г. 14:19
2023 жылдан бастап студенттерге 2-3%-дық кредит беріледі
2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3%-тік кредит рәсімдей алады, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Алматы, NEGE. "Келесі жылдан басталады. Біз бұрын болған қаржыландыру және кредит алу моделін мұқият қарастырып жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3%-дық кредит рәсімдей алады", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.