2022 жылы зейнетақы өседі

2022 жыл республикалық бюджетте әлеуметтік міндеттемеге 4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды.

Алматы, NEGE. «2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде: - 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады;

- 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады.

Бұдан тыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.