25 августа 2021 г. 11:51

2022 жылы Қазақстанда кейбір демалыс күндердің орны ауысады

Фото:

Қазақстанда келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін.

Алматы, NEGE. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің "2022 жылы кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

 "Демалыс күндері 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге және 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын", - делінген қаулы жобасында.

Айта кетейік, аталған қаулы алдағы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: