2022 жылы ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы он айда елімізде 333 111 сәби дүниеге келді.

Алматы, NEGE. Оның 171 653-і - ұл, 161 458-і - қыз.

Биыл ер балаларға: Әлихан, Айсұлтан, Алдияр, Омар, Әмір есімдері жиі қойылған.

Ал қыз балаларға ең көп қойылған есімдер: Медина, Айша, Айлин, Асылым, Томирис.